Алматыда ер адам жеті жасар қызды буындырып өлтіріп, денесін құдыққа тастаған

0
290

 

  • © Tengrinews.kz© Tengrinews.kz

Алматының Түрксіб ауданында жеті жасар қыз өлтірілген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
«7 шілдеде 22.00-де қыздың анасы 2009 жылғы баласының жоғалғанын хабарлады. 22.50-де полиция қызметкерлерінен құралған іздеу тобы қыздың денесін үй маңындағы құдықтан тапты», – деп хабарлады Әзірбек.
Оның айтуынша, полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстапты. Бұған дейін ол бірнеше қылмысы үшін сотталған екен. «Өлімінің себебі – механикалық асфиксия, қызды буындырып өлтірген», – деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі. Қылмыстың мотиві анықталып жатыр.
kaz.tengrinews.kz

http://alashainasy.kz/kylmys/almatyida-er-adam-jet-jasar-kyizdyi-buyindyiryip-oltrp-denesn-kudyikka-tastagan-85332/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз