Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

0
538

Білім беру сапасын қамтамасыз­дан­дыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) 2016 жылғы Қа­­зақ­­станның үздік жоғары оқу орын­­дарының ұлттық рейтингін ұсы­нады деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталдыӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. ФОТО: KAZNU.KZ

Қазақстанның үздік ЖОО Ұлттық рей­тингі тізімінде еліміздің тек 52 оқу ор­ны көрсетілген. Олар 1-ші сауалдамада көрсетілген академиялық ресурстың 70 максималды баллының 33%-дан тө­мен емес балл алған ЖОО. Сондықтан көп­бейінді ЖОО санатында тек 18 оқу орны; техникалық – 13; гуманитарлық-экономикалық – 12; өнер ЖОО – 1; меди­циналық – 3; педагогикалық – 5 оқу орны көрсетілген.

Рейтингтің барлық үш сауалдамасы бойынша интеграцияланған нәтижелер газетте жарияланған, ал рейтингтің әр сауал­намасы және әр индикаторы бойынша нәтижелер агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген.

Көпбейінді ЖОО рейтингінің қорытын­дысы бойынша биылғы жылы да біріншілік қатарын жетекші ұлттық университеттер сақтаған: Бірінші орынды бөліскен Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Көпбейінді ЖОО бірінші бестігіне, алдыңғы жылдардағыдай М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (3-ші орын), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемле­кеттік уни­верситеті (4-ші орын), С.Торай­ғы­ров атындағы Павлодар мемлекеттік уни­верситеті (5-ші орын) енді. Техникалық ЖОО тобында бірінші орында бірнеше жыл бойы Қазақстан-Британ техникалық университеті, одан кейін екінші орында – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, үшінші орында – Қазақ ұлттық аграрлық университеті тұр.

Үздік техникалық ЖОО бестігіне Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті және Алматы технологиялық университеті енді. Халық­аралық ақпараттық технологиялар универ­ситеті 8-ші орыннан 6-шы орынға, акаде­миялық ресурстар бойынша үшінші орынға көтерілді.

Гуманитарлық-экономикалық ЖОО тобында бірінші орынды тұрақты ҚМЭБИ университеті алса, екінші орын­ды Қазақ­тұтынуодағы Қарағанды эконо­микалық университеті, үшінші орынды Алматы менеджмент университеті (бұрынғы –ХБА) алды, бұл бағыттағы жетекші ЖОО бестігіне «Нархоз» Уни­верситет және «Тұран» университеті енді.

Шығармашылық бағыттағы ЖОО ішінде Қазақ ұлттық өнер университетіне бәсе­келестік болған жоқ.

Медицина ЖОО ішінде бірнеше жыл бойы жетекші бірінші орында С.Асфен­дияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, 2-ші орында Семей қаласының мемлекеттік медицина уни­верситеті, үшінші орында Оңтүстік Қазақ­стан фармацевтикалық академиясы орна­ласқан.

Педагогикалық ЖОО бағыты бойынша педагогикалық білім берудің көшбасшысы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика­лық университеті болса, екінші орында – Қа­зақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, одан кейін Павлодар мемле­кеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педа­гогикалық институты және Тараз мем­лекеттік педагогикалық инс­титуты тұр. Павлодар мемлекеттік педа­гогикалық институты сенімді жұмыс жасау арқа­сында академиялық ресурс бойынша екінші орын алды.

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз