Теологтар не себепті ақтөбеліктердің бесінші маусым күні теракт жасағанын түсіндірді

0
451

 

  • © alau.kz© alau.kz

«Аңсар» ақпараттық-сараптамалық орталығының теологтары не себепті ақтөбеліктердің бесінші маусым күні теракт жасағанын түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтөбеде бесінші маусым күні болған терактіден кейін «Аңсар» ақпараттық-сараптамалық орталығының теологтары жағдайды зерттеуге кіріскен. Олар тергеу оқшаулағышына тоғытылғандармен және олардың туыстарымен кездесіп, ашық әңгімеге тартқан.
«Аңсар» басшысының орынбасары Асланбек Тыныштықовтың айтуынша, жастарды сектаға кіруге жұмыссыздық пен тәрбие алған ортасы итермелеген.
Діннен жаңылысқандардың дені толыққанды емес отбасынан шыққан екен. Мәселен Дмитрий Таңатаров туысқандарында тәрбие алған жетім бала болған. Оның туыстары «Иегова куәгерлері» ағымына кіріп кеткен. Ал Дмитрийдің өзі радикалды бағыттағы видеодәрістерді тым көп тыңдаған.
«Радикалдар негізінен жұмыссыз жастардың санасын улаған. Олар бірігіп ұялы телефондарды жөндеп, сату ісімен шұғылданған. Бір күндік өмірмен тіршілік етіп, болашағын ойламаған. Біреу қиындыққа тап болса, екіншісі қаржылай көмекке шығып отырған», – дейді Асланбек Тыныштықов.
Исламды талқылау кезінде олар аяттардың мағынасын өзгертіп отырған.
«Олар өмірді тек қара түсте көреді. Өздерін жаңылысты деп санайтындардың бәрін олар кәпір деп атайды. Шейіт болып жұмаққа түсуді ғана насихаттаумен келеді. Ол үшін Сирияға бармай-ақ өз қалаңда қарулы жиһад жасай аласың деп сендірген», – дейді Тыныштықов.
Ақтөбеде радикализм 2007-2011 жылы туындаған деп санайды теолог.
«Олар сол кезден-ақ желі маркетингі қағидасымен өзгелерді тобына тартқан. Ағымға көп адам шақыра алғандар қаржылай сыйлық алып отырған. Сол себепті радикализм көшбасшылары өзіне қымбат көлік алатындай жағдайға жеткен», – дейді Тыныштықов.
Насихат жүргізушілер жаңадан ағымға енгендерді өз сөзіне сендіру үшін есірткінің көмегіне жүгінбеген. Дегенмен теологтар олардың гипнозды қолдануы мүмкін екенін алға тартты.
Сәләфтар мешітке тек жұма күні ғана бас сұғады. Мешітке келе салысымен олар имамның сөздерін естімес үшін құлақтарын бітеп келеді. Олар имамды да, «Аңсар» теологтарын да тыңдауға құлшыныс танытпайды.
«Терактіге қатысушылардың кейбірімен біз лаңкестік болмай тұрып сөйлескен болатынбыз. Мәселен, атыс кезінде көз жұмған Еркебұлан Қожановты әңгімеге тартқанымызда, ол бізді тыңдай қоймады», – дейді мамандар.

http://alashainasy.kz/society/teologtar-ne-sebept-aktobelkterdn-besnsh-mausyim-kun-terakt-jasaganyin-tusndrd-85385/

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз