Еліміздегі ең парақор полицейлер қай қалада тұратыны анықталды

0
360

Еліміздегі ең парақор полицейлер Астанада тұрады. Елордалық сақшылар тәртіпсіздікпен күресудің орнына, заң бұзған тұрғындардан еш қымсынбай ауызбастырық сұрайды екен.

Еліміздегі ең парақор полицейлер қай қалада тұратыны анықталдыФОТО: DIAPAZON.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро арнайы зерттеу жүргізіп, Астананың  ақша дәмететін мекемелерінің тізімін жариялады деп хабарлайдыКТК арнасы.

Яғни, полицейлер жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен бастап, істі болған күдіктіден де пара алады. «Қара тізімде» полицейлерден кейін мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері яғни кеденшілер мен салықшылар тұр.

Балабақша, мектептегілер де пара алудан алдына жан салмайды екен. Басшысынан бастап, тәрбиешілер мен ұстаздарға дейін ақша берсеңіз болды, кез-келген мәселені дереу шешіп беруге әзір.

Яғни, астаналық жемқор мекеме қызметкерлері көбіне лауазымын асыра пайдаланып заңсыз табыс табады, тіпті алаяқтыққа барудан да тайынбайтын болған.

 

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз