Қарағандылық дәрігерлер 101 жастағы қарияны ажалдан аман алып қалды

0
424

101 жастағы тұрғын күрделі операцияны бастан өткерді. Қарағанды облысы, Шет ауданының Мақажанов атындағы клиникасында жасалған эндоскопиялық операция барысында ақсақалдың ортан жілігіне жасанды сүйек салынды.

Қарағандылық дәрігерлер 101 жастағы қарияны ажалдан аман алып қалды

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Қария жақында отырған орындығынан құлап, аяғын сындырып алған болатын. Шәукен атаның 8 баласы, 23 немересі, 27 шөбере және бір шөпшегі бар.

Ақ халаттылар ақсақалдың жағдайы жақсы, енді тек күтім қажет, бір екі күнде жүріп кетеді деп отыр. Егде жастағы адамдарға мұндай операция жасау мемлекеттің медицина саласына ерекше көңіл бөлуінің арқасында мүмкін болды, – дейді дәрігерлер.

«Бізде 98, 99 жастағылар болған. Бірақ 100-ден асқан ақсақал бірінші рет. Сондықтан біз қуаныштымыз. Бұл әрине, Қазақстандағы медицинаның дамығаны ғой», – дейді Мақажанов атындағы клиниканың бас дәрігері Берік Тілеубаев.

«Дәрігерлердің көмегінің арқасында, емдеуінің арқасында жағдайым жақсарып келеді, күн сайын. Ептеп жүремін, міне. Жүргізіп жүр медсестралар жүргізеді қолтықтап», – дейді Шет ауданының тұрғыны Шәукен Жұқанұлы.

 

Дереккөз: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз