Путин шенеуніктерден «халықтың басын қатырмауды» сұрады

0
600

Ресей президенті Владимир Путин сан алуан заңдар, тапсырмалар мен іс-шараларды тәптіштеп, халықтың басын қатырып отырғанша, үкіметтің нақты нәтижелері мен мақсат-міндеттерін түсіндіру қажеттігін жеткізді.

Путин шенеуніктерден "халықтың басын қатырмауды" сұрады

Бұл туралы ресейлік ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Baq.kz жазады.

«Үкіметтен нақты нәтижелерді терең әрі мазмұнды түрде тұжырымдауды сұраймын. Себебі қазіргі жұмыстың табысы мен барысы соған байланысты. Қоғамға біздің нені көздеп отырғанымызды анық әрі нақты түсіндіріп беру керек. Сосын, заңдар, шаралар мен тапсырмаларды тәптіштеп, халықтың басын қатыруды қою қажет. Халыққа оның ешбір қажеті жоқ», – деді Путин стратегиялық даму жөніндегі кеңес отырысында.

Ал нақты нәтижеге жету үшін Ресей басшысы әрбір жобаның жетекшісіне жеке жауапкершілікті жүктеу керек деп санайды. Оның айтуынша, шешімдерді шұғыл қабылдау мен орындау мақсатында мекемеаралық байланысты күшейткен дұрыс.

«Алайда мекемеаралық байланыс барысында жеке жауаупкершілік мәселесі сұйылып кетпеуі тиіс. Әрбір жоба бойынша оның жетекшісі жауап беру тиіс. Мен осыны нормативтік құжаттарда бекітуді сұраймын», – деді Путин.

Айта кетейік, Владимир Путин экономикадағы басымды жобаларын іске асыру бойынша арнайы стратегиялық даму кеңесін құрған болатын.

 

Дереккөз: BAQ.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз