Ұлыбританияда Тэтчерден кейін тағы бір «темір ханым» пайда болды

0
512

Патшайым  Елизавета II кеше кешке Дэвид Кэмеронның отставкасын қабылдады. Британияның бұрынғы ішкі істер министрі Тереза Мэй Біріккен корольдіктің премьері-министрі болып тағайындалды.

Ұлыбританияда Тэтчерден кейін тағы бір "темір ханым" пайда болдыТЕРЕЗА МЭЙ. ФОТО: VISTANEWS.RU

Бұл туралы egemen.kz жазады.

Reuters агенттігінің ақпарына қарағанда, бұрынғы кабинет басшысы Дэвид Кэмерон 13 шілде күні үкімет мүшелері алдында сөз сөйлеп, қоштасқаннан кейін Букингем сарайына келген. Ол онда патшайым Елизавета II-ге премьер-министрдің орынтағына отыратын өз ізбасарын таныстырып, отставкасын қабылдауды өтінген. Королева Мэйдің кандидатурасын қуаттады. Осылайша Ұлыбританияда кабинеттің жаңа басшысы пайда болды.

Кэмерон биылғы жылғы 24 маусымда елдің Еуроодақтан шығуы жөніндегі референдум қорытындысы шыққаннан кейін өз отставкасы туралы мәлімдеген еді. Бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде Еуроодақтан шығуды, яғни Brexit-ті жақтаушылар жеңіске жетті. Сосын консервативтік партияда билік үшін болған қысқа мерзімді күресте ішкі істер министрі Тереза Мэй түбегейлі ұтып шықты.

Британия консерваторларының жаңа лидері Еуроодақтан шығуды қамтамасыз ету арқылы британиялықтардың қалауын орындау жөніндегі уәдесін орындап үлгерген болатын. «Бұған қоса, біздің болашақтағы жағдайларды нақты көре білуіміз керек, біздің еліміздің жоғары таптың өкілдері үшін ғана емес, біздің бәріміз үшін жұмыс жасайтынын сезіне білуіміз керек», – деп мәлімдеді Мэй.

Сарапшылар сонымен қатар, Тереза Мэйдің Британия тарихындағы екінші әйел премьер-министр болып отырғанына да назар аударып жатыр. Кейбір баспасөз құралдары оны қазірдің өзінде «екінші темір леди» есебінде атап та үлгерді. Ал біріншісі әйгілі Маргарет Тэтчер болғаны белгілі.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз