Алматыда бір күн ішінде қоғамдық көлікті пайдалану ережесін бұзған 13 жолаушы, 4 кондуктор және 2 жүгізуші полиция органына тапсырылды. Бұл туралы бүгін «ОҢАЙ» баспасөз қызметінен хабарлады.
«ОҢАЙ» бақылаушылары 2016 жылдың 13 шілдесінде қоғамдық көлікті пайдалану ережесін бұзған және билетсіз жүрген жолаушыларды тасымалдаған осынша адамды анықтады.
Қала бағыттарының қоғамдық көліктері толығымен «ОҢАЙ» электронды билеттендіру жүйесіне толығымен көшкенін естеріңізге саламыз. Жол ақысын тек жүйе арқылы «ОҢАЙ» карталарымен немесе электронды жол жүру билеттері арқылы, сондай-ақ бір реттік «ОҢАЙ» жол жүру билеттері арқылы төленеді. Бүгінгі таңда бір реттік жол жүруге арналған билеттерді басып шығаратын терминалдармен қала көліктерінің келесі бағыттары жабдықталды:
29, 34, 41,74, 123, 28, 56,71, 106, 4, 25, 36, 54, 65, 95, 99, 119. Басқа да қала маршруттары осындай терминалдармен біртіндеп жабдықталатын болады.
Қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегендерге – 2 АЕК көлемінде, яғни 4 242 теңге айыппұл салынады. Ал трамвайда, троллейбуста, қала автобустары мен қала маңындағы байланыс және маршруттық таксилерде билетсіз жүрген жолаушыларды тасымалдағандар – 5
АЕК көлемінде, яғни 10 605 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
«Картаны немесе электронды жол жүру билеттерін қолдана отырып, жолаушы оларды әр жол жүрісі барысында арнайы терминалдарға жақындатып 2 секундтан кем емес уақыт мөлшерінде ұстап тұру арқылы тіркеп отыруы қажет. «ОҢАЙ» бір реттік жол жүру билеттері арқылы жол ақысын төлегісі келетін жолаушылар терминал арқылы берілетін билеттің пішініне назар аударғандары жөн. Карталар және электронды жол жүру билеттерімен қатар берілетін бір реттік жол жүру билеттері төлемді растайтын құжат болып табылады. Ол арнайы көлік терминалы арқылы басылып шығарылған болуы қажет және онда жолаушының жол жүрудегі басталған уақытына сәйкес, күні мен уақыты, бағыт нөмірі және көліктің мемлекеттік нөмірі, жол ақысының мөлшері көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, билеттің арғы бетінде міндетті түрде «ОҢАЙ» логотипі көрсетіледі», – делінген хабарламада.
Айта кетелік, жолаушыларға өздерінің билеттерін көлік салонындағы басқа адамдарға беруге, бөтен адамның билет-құжаттарын алуға тыйым салынған. Өйткені жол жүру мәліметтеріне сәйкес келмейтін, бүлінген немесе басқа үлгідегі билеттер жарамсыз болып саналады.
ҚазАқпарат
Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/onay-juyesne-bagyinbagandar-opyik-jeyd-85432/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі