Мектептерде смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін.

0
420

 

 

Шымкент әкімі жаңа оқу жылынан бастап қала мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салуды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай ұсынысты қала басшысы әкімдіктің кезекті отырысында жариялады, онда кәмелет жасына толмағандардың құқықбұзушылық жасауының алдын алу мәселесі талқыланған болатын.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева осы мәселе төңірегінде мәлімдеме жасады. Қаланың бас оқытушысы осындай жағымсыз оқиғалардың болу себебіне мысал ретінде жасөспірімдердің ғаламторға еріксіз шыға алатын смартфондарды пайдалануын атап, ата-аналарға баласының бос уақытында немен айналысатындығына назар аударуды ұсынды.
Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/science/jana-oku-jyilyinan-bastap-shyimkent-mektepternde-smartfon-271186/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз