Қарулы топ Ереванда полиция бөлімшесін басып алды (видео)

0
402

 

  • © youtube.com© youtube.com

Ереванда полиция ғимаратын басып алғандардың бірі Арег Кюрегян оқиға орнында түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісінде жариялады, – деп хабарлайды Lenta.ru.
Кадрлардан Кюрегян мен оның сыбайласы автомат асынып алған, ал бөлмелердің бірінде кепілге алынған қызметкерлер бар. Басып алуға қатысқандардың қанша екені әзірше белгісіз қалып отыр, алайда видеоға қарағанда кем дегенде бесеу.

Басып алушылардың басты талабы – Армения президенті Серж Саргсянның отставкасы және уақытша үкіметтің құрылуы екен. Сонымен қатар, олар егер полицейлер ғимаратқа басып кіретін болса, лайықты түрде тойтарыс беретінін ескертіп отыр. Армения билігі өз кезегінде мұны қарулы көтеріліс емес деп отыр.

https://youtu.be/iTdFonmEh28
Еске салайық, бүгін, 17 шілдеде Армения астанасы Ереван қаласының маңындағы Эребуни ауданында қарулы топ полиция бөлімшесінің ғимаратын басып алған болатын.
kaz.tengrinews.kz

http://alashainasy.kz/sha/karulyi-top-erevanda-politsiya-bolmshesn-basyip-aldyi-video-85494/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз