Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды

0
392

Алматыдағы антитеррорлық операцияларға орай қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды.

Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

«2016 жылдың 18 шілдесі сағат 12:20-дан бастап Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланады», – делінген хабарламада.

Қызыл деңгей – террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы белгісі болып саналады.

Бүгін Алматыда белгісіз біреулер полиция қызметкерлерімен қақтығысты. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары ауыр жарақат алған. Бейресми ақпарат бойынша, 2 полицейдің қайтыс болғаны  хабарлануда.

Алматы қалалық ІІД қалада антитеррорлық операция жүріп жатқанын хабарлап, азаматтарды үйлерінен шықпауға және халық көп шоғырланған орындарға бармауға шақырды.

Сондай-ақ, желіде атысты ұйымдастырған күдіктілердің бірі ұсталғаны туралы видео жарияланды.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз