Алматыдағы атыс: полицейлер қылмыскерлердің бірін атып өлтірді

0
702

 

  • © kaz.tengrinews.kz© kaz.tengrinews.kz

Алматыдағы атысқа қатысты ресми мәлімет жоқ. Алайда куәгерлер әлеуметтік желілер арқылы оқиға орнында көргендерін жазып жатыр. Олардың мәліметіне сәйкес, атысты бір адам емес, бірнеше адам ашқан. Полицейлер қылмыскерлердің бір сыбайласын атып тастады. Екі полицей жарақаттанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Атыс болды. Автомат асынған біреу атып шықты да, Әуезов атындағы театр жаққа жүгірді. Сол жерде Лада көлігін ұстап, тайып тұрды. Оның бір сыбайласын полицейлер атып тастады», – дейді куәгерлердің біреуі. Полицейлер атыс ашқан ер адамның сыбайласын атып өлтіргендерін растады.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр.
Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. «Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды», – дейді олар.

http://alashainasy.kz/okiga/almatyidagyi-atyis-politseyler-kyilmyiskerlerdn-brn-atyip-oltrd-85498/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз