Алматыдағы атысты қолына автомат ұстаған белгісіз адам бастаған

0
462

Алматыдағы атысты ұйымдастырған адам көшедегі көліктерден адамдардың түсуін бұйырып, оқ атамын деп қорқытқан.

Алматыдағы атысты қолына автомат ұстаған белгісіз адам бастаған

Бұл туралы оқиға куәгерлерінің бірі хабарлады.

«Мен көлігімде отырдым. Қару асынған адам келді де, көлігімнен шығып, қашуымды сұрады. Содан соң, артқы есігімнен атып жіберді. Мен қатты қорықтым. Ол сақалы бар, азиат нәсілді адам. Тәртіп сақшылары келгенде ол көлікті тоқтатып, қашып кетті», – дейді оқиға куәгері.

Еске сала кетейік, бейресми ақпарат бойынша Алматыдағы атыстан 2 полиция қызметкері қаза тапты. Әзірге қалалық ІІБ оқыс оқиға туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз