Куәгерлер: City Plus сауда орталығында 15 адамды кепілге алған

0
455

 

  • Куәгерлер: City Plus сауда орталығында 15 адамды кепілге алған 

Алматыдағы атыстың куәсі болған куәгерлер Төле би мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында орналасқан City Plus сауда орталығында 15 адамның кепілге алынғанын айтады. Бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін әзірше қалалық ІІД растаған жоқ.
Еске сала кетсек, бүгін Алматыда белгісіз біреулер полиция қызметкерлерімен қақтығысты. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары ауыр жарақат алған. Бейресми ақпарат бойынша, 2 полицейдің қайтыс болғаны 7 полицейдің ауыр жараланғаны хабарлануда.
Алматы қалалық ІІД қалада антитеррорлық операция жүріп жатқанын хабарлап, азаматтарды үйлерінен шықпауға және халық көп шоғырланған орындарға бармауға шақырды.
Сондай-ақ, желіде атысты ұйымдастырған күдіктілердің бірі ұсталғаны туралы видео жарияланды.
www.nur.kz/kk/1192689-kuagerler-city-plus-sauda-ortalyghynda-15-adamd.html

http://alashainasy.kz/qwestions/kuagerler-City-Plus-sauda-ortalyigyinda-15-adamdyi-keplge-algan-85503/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз