Қаза болған полицейдің ұлы: Әкем парызын өтеп жүріп көз жұмды

0
547

18 шілде күні Алматыда болған атыс салдарынан қаза болған Тимур Бегасылов бүгін жерленді. Ол өзі туып-өскен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылынан мәңгілік мекен тапты деп хабарлайды khabar.kz.

Қаза болған полицейдің ұлы: Әкем парызын өтеп жүріп көз жұмды

25 шілде күні орда бұзар 30 жасқа толатын полиция лейтенанты бала кезінен әскери қызметкер болуды армандапты.

Төрт күннен соң туған күнін атап өтетін атпал азамат төрт баланың кенжесі болып ер жеткен. Артында қалған 10 жасар ұлы мен отбасына мемлекет тарапынан көмек ретінде Қарасай ауданынан екі бөлмелі пәтер мен 15 млн теңге көлемінде көмек жасалды.

Әулеттің шаңырағына ие болар кенжесінен айырылған ананың көкірегі қарс айырылып, жасына жетпей қартайып кеткендей:

«16 шілдеде көргем. Сосын 17-сінде таңертең бе келді. Ағасының үйінде болған. Балаларды алып, тауға барып, кішкене қыдыртып, анау-мынауын алып берді. Сосын тамыз айында тағы жалақы алып, балаларды тағы апарамын деген» – дейді марқұмның анасы. Рамзия Бегасылова.

Ал жас болса да жалғыз-ақ күнде есейіп кеткен Тимурдың ұлы Әмір Бегасылов:

«Әкем әрқашан менің дәрігер болуымды қалайтын. Және үнемі солай дейтін. Мен де әкемдей боламын. Әкем секілді адамдарға жақсылық істеуге құлшынамын. Барлығын емдейтін боламын. Әкем азаматтық парызын өтеу жолында қаза болды» – дейді.

 

Дереккөз: Хабар

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз