Алматыдағы атыстан соң есін жимаған үш полицей жансақтау бөлімінде жатыр

0
400

Алматыдағы атыста жарақат алған төрт полицей әлі жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың біреуі есін жиды. Дегенмен, барлық пациенттердің жағдайы ауыр болып тұр, деп хабарлайды Baq.kz Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматыдағы атыстан соң есін жимаған үш полицей жансақтау бөлімінде жатырКӨРНЕКІ СУРЕТ

Айта кетейік, бұған дейін атыста ауыр жарақат алған екі полицей жан сақтау бөлімінен профильді бөлімге ауыстырылған болатын. Олар өз күшімен қозғалып, ем алып жүр.

Бүгінде жансақтау бөлімінде жатқан тәртіп сақшыларының жағдайын жақсарту бойынша барлық шаралар қолға алынды. Тіпті, Алматының жедел медициналық жәрдем ауруханасы мен Орталық клиникалық емханада Санкт-Петербург қаласының Джанелидзе атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен телемедициналық конференция ұйымдастырылып, оқ жарақатын алған әрбір пациентті емдеудің өзекті мәселелері қаралды.

Айта кетейік, өткен дүйесінбі күні екі рет сотталған Руслан Күлікбаев Алматының үш жерінде атыс ашып, үш полицейді, сондай-ақ екі бейбіт адамды мерт қылды.  Қазір ауруханада алты полицей жатыр.

Қала әкімі Бауыржан Байбек қаза болған полицейлердің әрбір отбасына 15 миллион, ал жарақат алғандарға 5 миллионнан материалдық көмек жасалатынын жеткізген. Бүгін қала әкімі қаза болған Аян Ғалиевтің отбасына пәтер кілтін табыстады.

Бұған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қаза болған тағы екі полицей – Тимур Бегасылов пен Мақсат Сәлімбаевтың отбасыларына Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешіненін екі бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырған болатын.

 

Дереккөз: BAQ.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз