Президент жер мәселесін қыркүйекке дейін шешуді тапсырды

7
384

 

  • © akorda.kz© akorda.kz

Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесу барысында К.Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады.

Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

– Біріншіден, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қаражаттар бөлінген, жұмыстың тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әзірлікті жалғастыру керек, – деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды.

– Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын-ала қорытындыларын жасау және ары қарайғы іс-қимылды айқындау үшін барлық аталған мәселелердің шешімін әзірлеуді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
akorda.kz

http://alashainasy.kz/politic/prezident-jer-maselesn-kyirkuyekke-deyn-sheshud-tapsyirdyi-85618/

7 ПІКІРЛЕР

  1. Елбасы өзі кірісті енді нәтижелі болары анық,комисся құрамында да патриот ағаларымыз бар екен нәтиже жақсы болар

  2. Күзге дейін аман есен жер мәселесін шешіп алсақ болар еді. Халық тағы да есі шығып дүрлігіп жүрмесе болды. Әсіресе мұқтаж адамдарға жер бөліп беру мәселесі маңызды.

  3. Надеюсь члены комиссии покажут хороший итог работы. Так как до сегодняшнего дня комиссией была проделана масштабная работа по решению земельного вопроса.

  4. Комиссия мүшелеріне үлкен үміт артамын. Алдағы уақытта мәселені жан-жақты талқылап, көптің көңілінен шығатын шешім қабылдайды деген сенімдемін.

  5. Жер төңірегіндегі мәселе көп ұзамай шешімін табады деген сенімдемін.

  6. Комиссия мүшелері жер мәселесін жан-жақты қарасытырып, жыл соңына дейн Парламентке ұтымды болатын ұсыныс жасайды деген сенімдемін.

  7. Жалпы әр отырыста жақсы дүниелер айтылып, жұмыс жасалып жатыр, оң шешім қабылданады деп сенеміз

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз