Қазақстанның діндарлары Сафар Шәкеевтің үйіне оралуын тілеп, дұға оқыды

0
197

Қазақстанның діндарлары Сафар Шәкеевтің үйіне оралуын тілеп, дұға оқыды. Бұл туралы Facebook әлеуметтік парақшасында Шәкеевтар отбасының досы Виктория Момынбаева хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Бүгін Қазақстан мұсылмандары барлық мешіттерде отандасымыз Сафар Шәкеевтің аман-есен үйіне оралуын тілеп, дұға оқыды. Ол 16 шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Қасиетті Құранда айтылғандай, адам сынға ұшырағанда дұға ету арқылы Алладан медет тілейді», – деп жазады В. Момынбаева.

Қазақстандағы православия дінінің өкілдері де Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың басшылығымен барлық шіркеулерде дұға оқылды.

Сонымен қатар, бүгін Солтүстік Үндістанның Дхарамсала қаласындағы Далай лама буддистік ғибадатханасында да Сафар Шәкеевтің үйіне оралуы үшін Грин Тара дұғасы оқылды.

«Біз барлық діндарларды дұға оқып, игі шаралар жасап, Сафардың отбасын қолдауларын сұраймыз. Алланың нұры жаусын Сіздерге», – деп жазады В. Момынбаева.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз