Қатты нөсерден Ақтөбе облысында бірнеше үйді су басып қалды (фото)

0
235

23 шілде күні Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында нөсерлетіп жауған жаңбыр салдарынан 7 үй мен 47 ауланы су басты.

Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов мәлім етті.

Сонымен қатар, №3 мектеп-гимназиясы мен «Самал» балабақшасының жертөлесі суға толып кеткен.

«24 шілде сағат 13:30-дағы жағдай бойынша, 7 үй (су деңгейі шамамен 5 см) мен 47 аула аумағын (су деңгейі шамамен 10 см) басты. №3 мектеп-гимназиясы мен «Самал» балабақшасының жертөлесі тасқын сумен толып кеткен. Қазіргі уақытта тартылған қызметтердің күшімен 4900 текше метр су сорылды. Жұмыс жалғасуда», – деді Р.Иманқұлов.

Оның ақпараты бойынша, 8 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 4-уі – балалар. Тұрғындар қонақүйлерге жайғастырылды. Жергілікті атқарушы органдар оларды орналастыру бойынша жұмысты толық ұйымдастырды.

Төтенше жағдайды жоюға ТЖД-нің 49 қызметкері мен 7 техника, 6 су сору құрылғылары, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдардың қатарынан 20 адам тартылып, 4 техника мен 2 су сорғыш іске қосылды.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз