Жамбыл облысында 25 жастағы азаматтың қазасына жақындары тәртіп сақшыларын кінәлуда

0
457

 

  • © ktk.kz© ktk.kz

Айтуларынша, Ерік Төрқұловты көліктеріне дін-аман салып әкеткен полицейелер кейін оның өлі денесін ауруханаға жеткізіпті. Яғни Ерікті қызыл жағалылар машинаның ішінде жазым еткендеріне сенімді. Ал, облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы қызметкерлеріне шаң жуытатын емес.

Ерік Төрқұловтың өлерінен күн бұрын ғана үйлену тойы болған. Ертесіне жақындарымен таудағы су қоймасына шомылуға барыпты. Рұқсат етілмеген жерде жүргендері үшін қарауылмен сөзге кеп қалса керек. Бірақ жанжалға жеткізбей оқиға орынан кетіп қалдық дейді марқұмның жақындары. Біраз уақыттан соң бес азамат отырған жерге үш тәртіп сақшысы жетіп, ай-шайға қарамай Ерікті көліктеріне күштеп салып әкетіпті.
Әли Башаев, Е.Төрқұловтың досы:
-Машинаға салды ұзыннан, біреуі басына екіншісі аяғына отырып алды. Үстіне отырып алды. Рөлде өтырған инспектор алдына отырып кетіп қалды.
Әли Еріктің де полицейлерге қарсылық көрсеткенін мойындап отыр. Ол тәртіпке бағынбағасын әбден сабап, білгендерін жасады дейді. 25 жастағы азамат сол машинаға отырғасын оны тірідей ешкім көремеген. Небәрі жарты сағаттан соң өлі денесі ауруханаға жеткізіліпті.
Ернұр Төреқұлов, Е.Төрқұловтың ағасы:
-Дәрігерлер жазып отыр ғой. Адамды әкеліп машинадан түсірген кезде өліп қалған деп бәрі айтып отыр. келген кезде. Сап-сау кеткен бала. Ол полицейдің қолын тістеп алған мойыннан қылқындырған кезде.
Машина ішінде не болғанын ешкім білмейді. Алайда, марқұмның жақындары Ерікке күш көрсетілгеніне, оны тәртіп сақшылары абайсызда өлтіріп алғандарына сенімді. Өйткені дені сау зіңгіттей азамттың, өздігінен ажал құшуы мүмкін емес дейді. Сондықтан Қуаныш Төрқұлов баласын жазым еткендерді ең қатаң жазаға тартуды талап етуде.
Қуаныш Төреқұлов, Е.Төрқұлвтың әкесі:
-Нағыз кінәлілер солар екеніне сөзім жетеді. Келінім қалды ішінде баласымен. Енді ол қалай болады, бәріміз еңіреп артында қалдық. Қуанышымыз көпке созылмады. Жазаға татылуын сұраймын.
Дәрігерлер Ерік Төрқұловтың клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін айтуда. Ақхалаттылар оны дереу жансақтау бөліміне жатқызып, ажалмен арпалысқан. Алайда, әрекеттерінен түк шықпапты. Ал, құзырлы орын басшылығы әдеттегідей қол астындағы қызметкерлерін кінәсіз дейді. Айтуларынша, Ерік су қоймасының 75 және 20 жастағы қарауылымен төбелес кезінде жарақат алуы мүмкін. Дегенмен тәртіп сақшыларына қатысты да үстінен тексеру басталған.
Құндыз Бөгенбаева, Жамбыл облыстық ІІД басқармасы мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы:
-ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен өлім себептері және полиция қызметкерлерінің заңдылығын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кісі өліміне қатысты сот-медицианлық сараптамалар тағайындалды.
Полицейлердің мәліметінше Ерік Төрқұлов тәртіп сақшыларына едәуір қарсылық көрсетіп, тіпті дене жарақатын келтірген. Сол үшін марқұмның үстінен бұзақылық және билік өкіліне бағынбау дерегі бойынша іс қозғалған. Ал, бұл қайғылы жағдайдың ақ-қарасы сот-медициналық сараптамасы қорытындысынан соң анықтаулы тиіс.
ktk.kz

http://alashainasy.kz/kylmys/jambyil-oblyisyinda-25-jastagyi-azamattyin-kazasyina-jakyindaryi-tartp-85689/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз