Алматыдағы атыста ауыр жараланған полицей ауруханадан шықты (фото)

0
136

Алматыдағы атыс кезінде қалалық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкының қызметкері Мұрат Балтабек иықтан жарақат алған болатын, деп хабарлайды Baq.kz

ФОТО: АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІД

«Пациент ауруханаға оқ жарақатымен түскен еді. Диагностикадық шаралардан кейін шұғыл түрде операция жасалды. Осыдан кейін пациент жансақтау бөліміне ауыстырылып, уақыт өте келе, оның жағдайы жақсарды», – жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев.

ФОТО: АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІД

Өз кезегінде Мұрат Балтабек барлық қазақстандықтарға өз алғысын білдірді.

ФОТО: АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІД

ФОТО: АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІД

«Мен – жас полицеймін. Ішкі істер органдарында жұмыс істеп жүргеніме бір жыл да болған жоқ. Дегенмен, ол оқиға қылмыспен күресіп, халықтың қорғауға деген менің ынта-жігерімді жасыта алмады», – дейді Мұрат Балтабек. 

Дереккөз: BAQ.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз