Синоптиктер елімізде жауын-шашынның әлі толастамайтынын айтты

0
154

Еліміздің көптеген өңірлерде жауын жауып, найзағай ойнайды деп хабарлайды24 арна.

Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыс облыстарда күн жылы және жауын- шашынсыз. Тек бірнеше күннен кейін ғана бұл аймақтарда да өткінші жауын мен бұршақ жауады деген болжам бар.

Ал Алматыда ертең күн бұлтты болады. Термометр бағаны күндіз 32-34, ал түнде 20-22 градусты көрсетеді.

«Ертең Астанада көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай онайды. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғады. Желдің күші секундына 9-14 метр. Түнгі температура 15-17 градус жылы, күндізгі температура 25-27 градус жылы болады. 27 шілде күні де жаңбыр жауады. Желдің күші 9-14 м/с. Найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді», – дейді  «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Саида Бердібекова.

 

Дереккөз: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз