Таразда вокзал сыртындағы сауда орнында жарылыс болды

0
199

 

  • © 31.kz© 31.kz

Таразда вокзал сыртындағы сауда орнында жарылыс болды. Төтенше жағдайдың кесірінен екі сатушы түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккендердің халі әлі ауыр екенін айтады.
Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, оқиға бүгін таңғы сағат бес жарымда болыпты. Газ баллонындағы ақаудың кесірінен контейнерде болған жарылыс санаулы секундтарда қызыл жалынға ұласқан. Құтқарушылар өртпен жиырма минут бойы алысып, әрең сөндірген. Ал дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен 26 және 18 жастағы қыздар. Денелерінің 90 пайызын күйік шалған екі адам да қазір жансақтау бөлімінде.
31.kz

http://alashainasy.kz/okiga/tarazda-vokzal-syirtyindagyi-sauda-ornyinda-jaryilyis-boldyi-85725/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз