Алматы тұрғыны көпқабатты үйдің сыртынан Алланың есімдері ұлықталған жазбаларды тапты (фото)

0
221

Алматылық Асылбек Орынбасаров Райымбек даңғылы бойындағы 101 үйдің сыртындағы безендіру мақсатында қолданылған өрнектен, араб әріптерімен жазылған Аллаға мадақ айтылған сөздерді анықтады.

Бұл туралы белсенді өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазған деп хабарлайды Stan.kz.

«Бала кезімнен Райымбек даңғылының бойында орналасқан 101 үйдің сыртқы өрнектелуіне аса қызығушылықпен қарайтынмын. Мен іштей бұл неге ерекше, өзге үйлердің сыртқы безендіруіне мүлде құсамайтын себебі неде деген ойға қалатынмын. Араға көп жылдар салып араб тілінің әріптерімен танысқаннан кейін мұның ешқандай да өрнек емес, жазба екенін түсіндім. Нақтырақ айтар болсам онда («Тамхид») бір Аллаға мадақ айтылған», – деп жазған ол.

ФОТО: TOTAL.KZ

Асылбек Орынбасаров өз жазбасында кезінде Алматының тура осы көшесі атеистер елінің құрамындағы орталық даңғылдардың бірі болғанын айтып өткен.

«Ол жерден Субхан Аллах», «Альхамдулилла», «Аллаху акбар», «Рахим» сөздерін анық оқуға болады. Бұл жазба арабтың көне «куфи мурабба» стилінде жазылған», – деген өз жазбасында алматылық.

Асылбек Орынбасаров «мұны кеңес үкіметіндегілер мұсылман дінінде жиі қолданылатын сөздер екенін білмеген. Тек шығыс стиліндегі өрнек деп түсінген болуы мүмкін», – деп болжайды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз