Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Риодағы Олимпиада ойындарына аттанып кетті деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасағанNUR.KZ.
Спортшыларды бір топ жанкүйер Астана әуежайынан шығарып салды.
«Барлық жаттығу жиындары тамаша өтті. Енді тек алтын үшін жұдырықтасатын боламыз», – дейді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
Жәнібек Әлімханұлы – 75 келіде әлем және Азия чемпионы болып үлгерген.
Боксшылар әдеттегідей қазақтың ұлттық тағамдарын алып кетуді де ұмытқан жоқ. Спортшыларымызға қосымша күш беретін қазы-қарта мен жал-жая осы жолы да қоржыннан табылды.
Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет барлық 10 салмақ дәрежесінде жолдама жеңіп алды. Әсіресе, 91 келідегі жолдама бұрын бұйырмай жүрген болатын.
Қазақстан боксшылары Тәуелсіздік жылдарынан бері жазғы Олимпиададан алтынсыз келген емес. Сондықтан, боксты төл спорты санайтын жанкүйерлер боксшылардан үнемі алтын күтеді.
Біржан Жақыпов ұлттық құрамадағы ең үлкен боксшы. Ол осымен үшінші Олимпиадасына бара жатыр.
Лондон ойындарына қатысқан Жайна Шекербекова үшін бұл екінші Олимпиада.
Команданың басты жұлдызы – әлем чемпионы Данияр Елеусінов. Жанкүйерлер Даниярды Олимп биігінен көргісі келеді.
Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын боксшылар:
49 келі: Біржан Жақыпов
52 келі: Олжас Сәттібаев
56 келі: Қайрат Ералиев
60 келі: Берік Әбдірахманов
64 келі: Абылайхан Жүсіпов
69 келі: Данияр Елеусінов
75 келі: Жәнібек Әлімханұлы
81 келі: Әділбек Ниязымбетов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Иван Дычко
Қыздар құрамасы: Жайна Шекербекова (51 келі) және Дариға Шәкімова (75 келі)