Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты (фото)

0
728

Қостанай облысында «Қайрақ» кедендік бекеті маңында ірі жол-көлік апаты орын алды, 25 адам жараланып, 6 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында балалар да бар.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Құқық қорғау органының хабарлауынша, жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан. Автобус Қостанайдан Ресейге бара жатқан.

Бұл – соңғы жылдары Қостанай облысы аумағында болған ең ірі жол апаты. Оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов, полиция қызметі жетекшілері және басқа да күш-құрылымдар органдары басшылары келді.

Жолаушылар автобусының апатынан жараланғандардың барлығы (25 адам) Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді, үш адам ауыр халде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне аурухананың бас дәрігері Бектерхан Шымпейісов айтып берді

«Жараланған 25 адамның 11-і қазір ауруханада, тағы үш адамның жағдайы өте ауыр. Қалған азаматтар алғашқы көмек алғаннан кейін, үйіне жіберілді», – дейді бас дәрігер.

Оның айтуынша, қазір Қарабалық аудандық аурухананың үш бригадасы жұмысқа шықты. Тағы бір бригада Федоровка аудандық ауруханасынан, келесі бригада облыс орталығынан шақырылды. Жараланған азаматтарға көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 18.00 шамасында Қостанай облысында «Ивеко Магирус» маркалы көлік Қостанайдан Ресей Федерациясына қарай беттей отырып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Соның салдарынан жолаушылар тасымалдайтын автобусқа соқтығысқан. Апат салдарынан алты адам, соның ішінде 12 жастағы бір бала қаза тапты. Тағы 25 адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз