Жамбыл облысындағы әскери полигонда миномет жарылып, бір адам ауыр халде жатыр

0
153

«Гвардейский» әскери полигонында төтенше жағдай болды. Халықаралық әскери ойындарға дайындық бойынша жаттығу жұмыстары кезінде Ангола командасында 120 мм миномет жарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

КӨРНЕКІ СУРЕТ

Нәтижесінде 1 әскери қызметкер ауыл халде жатыр, бірнеше жауынгер жеңіл жарақаттар алған. Жараланғандар Отар әскери базасындағы жеке медициналық жасаққа жеткізілді.

Алдын ала тергеу бойынша, Ангола командасы 2Б11 минометін ату кезінде қауіпсіздік ережесін бұзған және келісімсіз окоптан шығып, ату позицияларын өзгертіп, өрескел қателік жіберген. Одан бөлек, қатарынан екі рет оқтау да снарядтың жарылу себебі болуы мүмкін.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың бұйрығымен, қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Оқас Сапаров жетекшілік ететін комиссия құрылды. Олар болған жайды анықтап, комиссиялық тексеру жүргізу үшін оқиға орнына ұшып кетті.

Айта өтейік, бұдан бұрын «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауының жетекшісі, бас төрешісі генерал-майор Лұт Әлшекенов 13 елден келген командаға қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндірген болатын. Аталған рәсімнен кейін ғана команда қатысушылары жаттығуға кірісуі тиіс болған.

 

 

Дереккөз: BAQ.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз