Мамандар Алматыдағы кептеліс күрт төмендейтінін айтып сүйінші сұрады

1
265

Келесі жылы Алматыда тағы 4 жолайрық құрылысы басталады. Мамандар жаңа жолайрықтар көшедегі кептелісті 18 пайызға төмендетеді деп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жол құрылыстары Рысқұлов даңғылы және Емцов көшесінде, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылысында жүргізілмек. Сондай-ақ, Фурманов көшесі темір жолдың үстінен көпір арқылы Жансүгіров көшесіне дейін созылатын болады.

Қосымша көлік дәлізі қала орталығы мен солтүстік аудандарды жалғамақ. Қазіргі кезде әл-Фараби даңғылын қайта құру жобасы талқылануда, ал биылғы жылдың қыркүйек айында Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің бойындағы салынып жатқан жолайрықтарды тапсыру көзделген.

 

Дереккөз: 31 канал

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз