Қазақстан әскери күш-қуаты жөніндегі рейтингте тағы да Өзбекстаннан қалып қойды

0
190

Қазақстан Жаһандық әскери күш-қуат рейтингінде 13 орынға көтеріліп, 53-ші орынды иеленді. Бұл туралы мәлімет Global Firepower рейтинг сайтында жарияланды.

ФОТО: AZATTYQ.ORG

Қазақстан әскери күш-қуат рейтингіндегі жағдайын жақсартып, 53-ші орыннан көрінді деп жазады bnews.kz.

Global Firepower рейтинг жасау кезінде елдің технологиялық жабдықталуы, экономикалық жағдайы және географиялық орналасуы секілді 50 түрлі факторды ескерді. Сондай-ақ танктер, ұшақтар мен әскери кемелердің саны есепке алынған екен.

Үздік үштікке АҚШ, Ресей және Қытай енген. Үндістан төртінші орынды иеленіпті. Орталық Азия елдерінен Өзбекстанның әлеуеті мықты. Көршілес ел 48-ші орында. Ал Беларусь Республикасы 49-шы орында.

GFP рейтингінде барлығы 106 елдің әлеуеті қаралды. Рейтингте ядролық қарудың қуаты ескерілген жоқ.

Айта кетейік, ең соңғы орында Африка Республикасы тұр.

 

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз