Сирияға соғысуға кеткен 4 қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланды

0
175

Сирияға соғысуға кеткен 4 қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланды. Олар «террорлық әрекетке барған» деген күдікке ілігіп отыр деп хабарлайдыАстана арнасы.

Тергеу дәйектеріне қарағанда, қылмыскерлердің 2013 жылы Көкшетау маңында болған бірнеше қарулы қылмысқа тікелей қатысы болған. Бұны Ақмола облыстық прокуратурасы ресми мәлімдеді.

«Маратұлы, Нұрғалиев, Курашов және Қуановтар халықаралық іздеуге алынды. Қылмыстық кодекстің 172 бабы бойынша айып тағылған. Яғни қарулы қақтығысқа қатысқан делінген. Мәселен, Маратұлы мен Нұрғалиев Сирия лаңкестерінің қатарына қосылған екен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастамасымен биыл оларға қатысты тергеу ісі жүргізіліп отыр», – дейді Ақмола облыстық прокуратурасы 3-ші басқармасының аға прокуроры Талғат Ысқақов.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз