Биыл 1-сынып оқушылары бес күндiк жүйе бойынша бiлiм алады

1
224

 

  • © kaz.caravan.kz© kaz.caravan.kz

Ал 2-сыныпқа мұндай мүмкіндік келесі жылы берілмек.Бұл туралы Астана қаласы Бiлiм басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев «2016-2017 оқу жылына дайындық» тақырыбына арналған брифинг барысында мәлiмдедi, деп жазады stan.kz.
— Болжам бойынша, биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 6-7 жасқа толған 20 972 бала қабылданады. Олардың 12802-сі қазақша, 8170-і орыс тiлiнде бiлiм алады. Жаңа оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары 5 күндiк жүйеге көшедi.
Аптаның алтыншы күнi (сенбi) қосымша бiлiм беру күнi болады. Балалар ата-аналарымен бiрге түрлi үйiрмелерге қатыса алады. 1-сынып оқушылары 1 қыркүйек пен 1 маусым аралығында 35 апта бiлiм алады. Оқушылардың оқу жүктемесi бастауыш мектепте 5 сабақтан аспайды, — дедi басқарма басшысы.
Оның айтуынша, орта және жоғары сыныптардың бес күндiк оқуға көшуi кезең-кезеңмен жүргiзiледi. 2016 жылы – 1-сыныптар, 2017 жылы – 1,2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар, 2019 жылы – 11 сыныптан басталады.
kaz.caravan.kz

http://alashainasy.kz/bil/biyil-1-syinyip-okushyilaryi-bes-kundik-juye-boyyinsha-bilim-aladyi-85770/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз