Үйінде жылан асыраймын деп өзі соған жем бола жаздады

0
482

 

  • © ofigenno.com© ofigenno.com

Көбіміз үй жануарларын өсіргенді жақсы көретініміз анық. Олар сенің өміріңнің бір бөлшегіне айналып кететін кездер жиі болады. Сен оларды тамақтандырасың, олармен сөйлесесің, тіпті қайда барсаң да қасыңнан тастамай алып жүретін боласың. Кейде тіпті бір төсекте бірге ұйықтауына да қарсы болмайтын кездерің болады. Бұндай жағдай көбіне мамықтай мысықтар мен сүйкімді кәнден иттерде көбірек кездеседі. Дегенмен, олардан да қауіпті, олардан да үлкен жануарларды үйінде ұстауды жақсы көретіндер бар екен.
Мына суреттегі әйел өзімен бірге сондай жыртқыштардың бірін асырайды. Ол қаншалықты сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасады деген күннің өзінде жыртқыштың аты жыртқыш, өмірінің соңы қайғылы оқиғамен аяқтала жаздайды. Ол өзімен бірге алып әбжыланды асырайды.

Өзінің сүйікті жыланын жақсы көргені сондай әйел қайда барса да әлгі жыланды арқалап жүрді. Тіпті түнде бірге ұйықтап, бірге тамақтанып жүреді. Бір күні әйел өзінің сүйкімді жыланының арықтай бастағанын байқайды. Тіпті біраз күннен кейін жылан мүлде тамақтануды қояды. Әйел жыланды ветеринарға алып баруға мәжбүр болады.

Ветеринар оған алып жыланның не себепті арықтап қалғанын түсіндірген кезде, әйелдің шошығаннан жүрегі тоқтап қала жаздады. Дәрігер жылан өте қомақты тамақ жеу үшін алдын ала «диета ұстап» жүргенін жеткізген. Үнемі бірге жүріп, бір төсекте ұйықтап жүргендіктен жылан болашақта әйелді жеуге дайындалған.
Әйелмен жақын араласқан сайын жыланның тәбеті ашыла бастаған. Адам денесінің үлкендігін түсінген жылан өз асқазанынан сонша мөлшердегі тамақ сиятындай орын дайындай бастайды. Сондықтан ол үлкен астың алдындағы азғана «диетаны» ұстай тұруды жөн санаған. Сол себепті арықтай бастаған екен.

Әйел дер кезінде жыланды дәрігерге көрсетіп, жолы болған. Әйтпегенде әбжыланның не түскі, не кешкі асына айналып кетер еді. Бұл үшін жыланды да әйелді де кінәлай алмайсың. Себебі, жылан бәрі бір де – жыртқыш аң, ал әйел бар болғаны үй жәндігі ретінде жыланды жақсы көрді. Сондықтан үйіңде жылан болса, онымен бір төсекте ұйықтама! Қазақ үйге кірген жыланның басына бекерден бекер ақ құйып шығарып салмайды.
baq.kz

http://alashainasy.kz/sha/uynde-jyilan-asyiraymyin-dep-oz-sogan-jem-bola-jazdadyi-85805/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз