Тарихта жерін шетелдіктерге жалға беріп экономикасын дамытқан ел болмаған

51
227

Жерге байланысты жарияланған мораторийдағы негізгі мәселе — 1,7 млн гектар жерді шетелге (Қытайға), не шетелдік үлесі бар компанияларға 25 жылға жалға беру туралы 2015 жылы қарашада Жер Кодексіне енген өзгеріс деп жазадыElana.kz сайты.

Жер комиссияның облыстардағы отырыстарында осыған байланысты сұрақтар мен талаптар, жалпы қаралатын мәселелердің 80 пайыздан астамын құрағанмен, ол қоғамды екіге бөліп, біржақты келісім таппай келеді. Осы мәселеге байланысты жасалған зерттеулер мен халықаралық тәжірибеге сүйенсек, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

1. Жалға берілетін жерде негізінен (80% дейін) шетелдік мамандар мен жұмысшылар жұмыс істейді. Оның Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтамасыз етудегі үлесі өте төмен (20-25% деңгейінде) және мұнай-газ т.б. салалардағы тәжірибе көрсеткендей, ол жерде істейтін шетелдің азаматтармен квалификациясы бірдей біздің мамандардың табыстары 5-8 есе төмен, яғни бұл жерде ашық дескриминацияны көреміз.

2. Жерді жалға беру өзіміздің азаматтардың ауыл шаруашылығын (бұдан былай — а/ш) дамытуға тікелей араласуына кедергі келтіреді және отандық агробизнесті дамытпайды. Ол ауылдық жердегі 40%-дан астам жұмыссыздық пен баспанасыз жүрген 50-55% жастардың мәселесін шешпейді. Оны шетелдік компанияларға берген мұнай-газ саласындағы отандық (ұлттық және жеке) компаниялардың үлесінің 18%-дан аспауынан көреміз. Жалпы елдегі шетелдік компаниялардың ешқайсысы істеп жатқан жерлерінде әлеуметтік мәселелерді шешуге (балабақша, мектеп, аурухана салу т.б.) араласқан емес;

3. «Инвестиция мен жаңа технология тарту үшін жерді жалға беру керек» дейтіндердің уәждері негізсіз. Себебі соңғы 25 жылда Қазақстан жерді жалға бермей-ақ, «Джон-Дир», «Кейс», «Класс» т.б. әлемдегі алдыңғы қатарлы компаниялардың а/ш техникаларын алуда ТМД елдерінің алдында;

4. Соңғы 25 жылда а/ш-ның елдің ЖІӨ-індегі үлесінің 41%-ға түсіп кетуінің негізгі себебі, ол РФ мен Белоруссияға қарағанда осы уақытқа дейін мемлекеттен а/ш бөлінетін қаржының 10-16 есе төмен болуында. А/ш мемлекеттік бағдарлама арқылы және оның қолдауымен дамиды. Ал оны дамытудағы шетелдік инвестицияның (қарыздың) үлесі белгілі бір кезде небәрі 15-20% болуы мүмкін. Бірақ оның осы саланы немесе елдің экономикасын түбінде банкротқа кетіріп, ол елді инвесторға тәуелді ету қаупі жоғары. Оны түсінген Австралия Қытайға млн гектардай құмайт жерін жалға беруден бас тартты;

5. Ресейдің Қиыр Шығысында ҚХР компаниялары мен шаруалары жалға алған жерлер 5-10 жылдан кейін пайдалануға жарамсыз болып, сол жердің халқы жеміс пен көкөністі сырттан әкеледі. Ол жерді шетелге жалға берудің экологиялық тұрғыдан зиянды, экономикалық тиімсіз екенін көрсетеді;

6. Жалпы, тарихта бірде-бір ел жерін шетелге қысқа, не ұзақ мерзімге жалға беріп, ауыл шаруашылығын не экономикасын дамытты деген болмаған. Ол — нонсенс!

7. Керісінше, қазақ өткен ғасырда Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстанға кеткен 100 млн  гектардай жерінен айырылып отыр. Сондықтан ол ешкімге жер қарыз емес, көршілері оған жер қарыз.

Жерінің біраз бөлігін Израильге берген Палестина тәуелсіздігінен айырылудың аз-ақ алдында тұрса, Вьетнам Қытайға белгілі уақытқа жалға берген жерін кері қайтара алмай отыр. Тәжікстан да территориясының 5/2 бөлігін құрайтын Бадахшан облысынан айырылудың алдында тұр…

8. 1994 жылы Қазақстанның 10 млн гектардай жерін Ресей әскери полигон ретінде 80 жылға жалға алды. Ол полигондардың аймағында онкологиялық аурулардың деңгейі орташа статистикалық деңгейден 10-12 есе, ана мен бала өлімі 2-3 есе жоғары. Қазақстанның ішінде Ресейдің полигондары мен әскерінің болуы — аннексияның бір түрі. Елдегі қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында Ресейдің Қазақстандағы әскери полигонын жауып, ондағы әскерді елден шығару мәселесін қойды;

9. Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге 50 жылға жалға беруден де Қазақстан экологиясы орны толмас зардап шегуде. Соңғы жылдары 7 рет жарылған Протон зымыранының әрбір жарылысының залалы бір атом бомбасының жарылысына тең.

10. Осы көктемдегі болған 7-8 қалада митингілердің себебі, ол жерді 25 жылға шетелге (Қытайға) жалға беруге қарсы наразылықтан туындаған еді. Қоғамда оны елдің тәуелсіздігіне тікелей төнетін қауіп деп түсінді және ол күдік әлі күнге сейілген жоқ. Жер мемлекеттің негізі болғандықтан, қандай түрде де болса көршіге жер беру — болашақтағы бір шиеленістің басы. Сондықтан қоғамда жерді шетелге жалға беруді мемлекетке істеліп отырған сатқындық деп қарауда.

Ал Қазақстан стратегиялық көршілерімен мәңгі татулықта болғысы келсе, онда барлық экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды өзінің жер тұтастығына нұсқан келтірмейтін тұрғыдан жүргізуі керек. Бұл — мемлекет тұтастығының көне заманнан келе жатқан қағидасы.

Автор: Жанұзақ Әкім, Жер комиссиясының мүшесі

 

 

Дереккөз: Nur.kz

51 ПІКІРЛЕР

  1. Қазіргі таңда комиссия жұмыс жасап жатырғанын білеміз, кеше 4 мәселе бойынша алғашқы шешім шықты. Асығыс танытпайық, бәрі байыппен орнымен келе жатыр

  2. Елбасының тапсырмасы тамыз айында шешім шығару еді, қазір нәтиже жаман емес. Сәл күтсек халық көңілінен шығатын бір шешім шығар

  3. Мақтаған қыз тойда бүлдіреді деген бар ғой)) Мына кісіні мақтап жүрсем, енді кері тартып не деп отыр, кейде осылардың ойын түсінбей қаламын. Кейбір пікірлері тым жақсы, ал кейбірлері ақылға қонбайды

  4. Құдды бір экономист сияқты айтты ғой, Айдос Сарым бар болғаны саясаткер. Ал ондай экономикалық тұжырымдарды экономистткер айтсын.

  5. Мен де кеше төрт шешімді оқып шыққам. Қатты ұнағаны: ендігі адамның ақшасына қарамастан жер белгіленген мөлшерден асырылып сатылмайды. Бұл әділ жүйе. Осылай комиссия жұмысын жалғастыра берсе, жақсы заң қабылданатынына сенімдімін. Сәттілік барша қазақ еліне!

  6. Бұл халықты өте алаңдатып отырған мәселе екені анық. Комиссиядағы ағаларымыз шешімді сараптап шығарад деп үміттенем. Негізгі бастамалары жақсы, қызу талқы болады әр отырыс сайын. Тамызды асыға күтудеміз ғой бәріміз. Елдің қамына пайдалы шешім шығады ғой қалай болса да.

  7. Осы мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылды, айдос Сарымның өзі де ішінде. Шешсін енді.

  8. Сынай бергеннен ештеңе шықпайды, нақты іске көшуі керек, сын айтуды жақсы көреміз біз қазақ

  9. Дұрыс айтасыз, қазақ десең өзіңе тиеді. Комиссия тым жақсы жұмыстар атқарды, сол жалғасын тауып, нітижесі де ойдағыдай болсын.

  10. Кім не десе о десін. Инвестиция тарту дамыған елдердің практикасында да бар дүние. Бұған түбегейлі қашудың қажеттілігі жоқ.

  11. Жеріміз жалға берілсе де, сатылса, да өз жерлестерімізге ғана берілсе деген ізгі тілек бар.

  12. Мемлекетіміздің тұтастығы сақталсын десек, ауызбірлігімізді сақтайық.

  13. Жер және оның тұтастығы біздің асыл құндылығымз болып табылатынын естен шығармайық.

  14. Біз ғана емес қой жерді жалға беріп жатқан. Жаңа технологиядан қашпау керек.

  15. Жер мәселесі осы тамыз айында Елбасының тапсырмасы бойынша нақты шешімін табады деп сенеміз. Сабырмен күтейік.

  16. Еліміздің дамуы үшін жаңашыл дүниеден қорықпай, инвестиция тартуымыз керек.

  17. Жер комиссиясы шешімін шығарып келеді.кешегі төрт мәселенің жауабы көңілге қонымды болды

  18. Ұсыныстарымызды білдіріп келеміз,құңдылықтарымызды айтып та жатырмыз.тек ескерілсе екен.

  19. Әлбетте халықтың ойымен санаса отырып шешім қабылданады, сол үшін де аймақтарды аралап, бәрінің ұсыныстарын ескеріп жатыр.

  20. Жер мәселесі асығыс қабылданатын жеңіл мәселе емес, барлық жағын қарастырып барып шешім шығарады деген үміттемін.

  21. Әрине, бұл мәселеге барлығымыз алаңдаймыз. Себебі жер мәселесі бәрімізге де ортақ әрі маңызды.

  22. Менің ойымша, мемлекет мұндай маңызды мәселені шешуге келгенде үлкен сақтық танытқаны жөн. Бәрін саралап барып, бір тоқтамға келген дұрыс.

  23. Қандай шешім қабылданса да, елдің, жердің біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтірмеуі керек деп ойлаймын.

  24. Жерді жалға беру мәселесін шешуге ел қалаулылары, зиялы топ өкілдері, халық жанашырлары атсалысып жатыр. Міне, осылардың шешімін асыға күтудеміз.

  25. Біз сын айтуға келгенде алдымызға жан салмаймыз. «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, шешімді күтейік. Сын айтуға үлгереміз.

  26. Жер дауы жыл аяғында да бітпейді. Жер сатылып кеткен де жоқ. Негізі жерді игеру үшін инвестор тартқан дұрыс.

  27. Қара қытай қаптаса жерің сор, елің құл болады деген дана халқымыз. Жер деп жүргенде қытайлар мұнайымызға иелік етіп жүр. Енді құрылыс саласына да бет бұрып жатыр. Абай болайық ағайын.

  28. Негізі жер комиссиясының отырысы күзде аяқталып, қортынды шығады. Ең бастысы жер қытай мен орысқа кетіп қалмаса жарар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз