Елорда «жұрттың көбі атауынан жаңылысатын» астаналар тізіміне қосылды

1
231

Шетелдік БАҚ Астананы «жұрттың көбі атауынан жаңылысатын» астаналар тізіміне қосқан деп хабарлайды Азаттық.

Австралияның North West Star газеті және Goondiwindi Argus сынды өзге бірнеше басылым жариялаған «Атауы жұрттың көбін жаңылыстыратын 10 астана» деген мақала авторы Дэвид Уитли өз тізіміне Қазақстан астанасы – Астана қаласын да қосқан.

«Астаналар жайлы викторинада бұл бұрынғы советтік республика, әсіресе [әлгі республика астаналарының атауына] тәуелсіздік алғанға дейін онша мән бермегендер үшін минасы бар алаңға айналуы мүмкін. Қазақстан Алма-Ата қаласының атауын Алматыға ауыстырып, ал кейін – 1997 жылы астананы ертеректе Ақмола, Целиноград және қайта Ақмола деп аталған Астанаға көшіріп, тіпті қиындатып жіберді», – деп жазады мақала авторы.

Дэвид Уитли жұрттың көбі білмейді деп санайтын өзге астаналар тізіміне Оңтүстік Судан, Танзания, Оңтүстік Африка, Белиза, Піл сүйегі жағалауы, Израиль, Нигерия, Шри Ланка және Мьянма астаналарын қосқан.

 

Дереккөз: Азаттық

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз