Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының логотипін жасауға арналған байқау жариялады. Байқауға барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Еңбектер 2016 жылдың 1 тамыз бен 1 қыркүйегі аралығында қабылданады.
Байқауға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы логотипінің эскиздері ұсынылады, ол қалалардағы мерекелік безендердіруде, сахна алаңдарына, спорт нысандарында, мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда, көшелерде, алаңдарда, көлік құралдарында (плакаттар, пленшеттер, баннерлер, кермелер, стендтер, сәулет-көркемдік композициялар және т.б.), кәдесый өнімдерін дайындауда (жалаушалар, жалаулар, күнтізбелер, сөмкелер, қалташалар, көйлектер, бейсболкалар, ашық хаттар, фотоальбомдар, қаламсаптар, қыш бұйымдары, медальдар, кубкалар, ойыншықтар және т.б.) қолданылуы мүмкін, делінген байқаудың талаптарында.
Байқау жеңімпазына салтанатты жағдайда сертификат және 3 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық беріледі.
Байқау ережесімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks.gov.kz сайтында танысуға болады.
www.inform.kz/kaz/article/2931141