Олимпиада чемпиондарына ең көп сыйақы беретін қай мемлекет?

1
189

Қазақстан олимпиада ойындарында алтын алған спортшыларға берілетін сыйақы көлемін жариялады. Әзірге еліміз сыйақы мөлшерінің көлемі жағынан әлемде үшінші орынға табан тіреді деп хабарлайды BAQ.kz.

ФОТО: BAQ.KZ

Еліміз чемпион болған спортшыға 250 мың АҚШ доллоры көлемінде сыйақы береді. Біздің елдің алдында Әзірбайжан мен Тайланд бар. Әзірбайжан елі жеңіс тұғырынан көрінуге қатты талпынып жатқан болуы керек, жеңімпазға 510 мың АҚШ долларын беретін болыпты. Ал онсызда өзіндік дамуы, өзіндік экономикалық қолтаңбасы бар тай елі биылғы доданың жеңімпазына 314 мың доллар береді.

Тайландтық спортшыға берілетін 314 мың көкқағаз бірден берілмейді. Егер алтын алып келген болса, алдағы 20 жылдың ішінде бөлшектеп беріледі. Бұл бір жағынан кешегідей допинг дауына да қатысы болуы мүмкін. Себебі ондай дауға басы ілінген спортшыға олимпиада сыйақысын беруді тоқтатуы мүмкін. Ал екінші жағынан чемпион атанған спортшы ай сайын 1 300 доллардан жиырма жыл бойы жалақы алып тұрады деген сөз.

Бізден кейін 237 мың АҚШ долларын санап беретін ел – филиппиндер. Алғашқы бестікті Өзбекстан қорытындылап тұр. Олар әрбір чемпион үшін 200 мың АҚШ долларын ұсынбақшы.

Бұған дейінгі Олимпиада ойындарында жалпыкомандалық есепте көш басында жүрген елдердің беретін сыйақысы соншалықты көп болмай шықты. Олардың ішінде салыстырмалы түрде көп сыйақыға кенелетіндері ресейліктер. Чемпиондары 60 мың доллар алады. Қытай елі 50, АҚШ 25, Германия 19,5 мың АҚШ долларын мемлекет қазынасынан бөліп береді. Ал Ұлыбритания елінде чемпион болған споршыға сыйақы беру қарастырылмаған.

 

Дереккөз: BAQ.KZ

1 Пікір

  1. Қай елде қанша берсе де, ең бастысы біздің мемлекеттің спортшылары жеңіспен оралса екен деп тілеп отырмыз!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз