Ақтөбе облысында жүк пойызы аударылып, бір тәуліктей қатынас тоқтап қалды

0
270

 

  • © ktk.kz© ktk.kz

Соның кесірінен Астанадан батыс өңіріне бет алған жүздеген жолаушы жарты жолда қалып қойған.

Хромтаудағы Дөн кен байыту комбинатының рудасын тиеген 49 вагон солтүстіктегі Ақсу қаласына қарай жолға шыққан екен. Әйтеке би бекетіне жақындағанда жиырма екі вагон рельстен шығып, шойын жолдың быт-шытын шығарады. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен, Астанадан Атырау мен Ақтөбеге қатынайтын жолаушылар пойызы бірнеше сағат бойына тоқтап тұруға мәжбүр болды. Шыдамы таусылған жолаушылардың алды такси жалдап Ақтөбеге жеткен. Кейін үш жүзге тарта адамды автобуспен облыс орталығына тасыпты. Енді темір жол басқармасындағылар жолаушыларға келген шығынды билетті кері қайтару арқылы өндіріп береміз деп отыр.
Мағауия Оразғұлов, «ҚТЖ» ҰК Ақтөбе бөлімшесінің директоры:
-Билеттің бәрін қайтарамыз.
ktk.kz

http://alashainasy.kz/okiga/aktobe-oblyisyinda-juk-poyyizyi-audaryilyip-br-taulktey-katyinas-toktap-kaldyi-85901/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз