Полицейлер ОҚО-ның Мақтарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтып берді

0
424

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында бұзақылық іс-әрекеттер орын алды. Салдарынан үш тұрғын дене жарақаттарын алып, дүкендердің бірінің терезесі сынды.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: MINVAL.AZ

Бұл туралы ОҚО ІІД басшысының орынбасары Сырым Абдуллаев Шымкентте өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды аймақтағы тілші.

Департамент өкілінің айтуынша, бұзақылықтың орын алуына Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына сексуалды сипаттағы әрекеттер жасалды деген күдігі себеп болған.

«Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Ата-анасының бақылауымен дәрігерлер жас қыздың интимді жерлерін тексеріп, нәтижесінде патологиясы мен дене зақымдары анықталмады. Сот-медициналық және психология-психатриялық сараптамалар тағайындалды. Күдікті ата-анасының жауапкершілігіне берілді», – деді полиция полковнигі Сырым Абдуллаев.

Аталған бір топ азаматтардың бұзақылық іс-әрекеттерін тергеу бойынша аудандық ІІБ криминалистерімен және тергеушілерімен жедел-тергеу тобы құрылды.

Мақтаралдағы жағдайды қалпына келтіріп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ішкі істер органдарының 170 қызметкері жұмылдырылды.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Сейфуллин ауылының тұрғындарымен жиын өткізді. Жағдай құзырлы орган тарапынан бақылауға алынды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз