Жұмысынан кетсе де, қызметтік пәтерден айырылмай отырған шенділер жұрттың ашуын келтірді

1
204

Алматы облысындағы бірнеше шенеунік заң бойынша босатуы тиіс қызметтік пәтерлерінен әлі де болса айырылар емес.

ФОТО: YGAZETA.KZ

Бұл туралы Желтая газета басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, бүгінде Қарасай ауданын басқарып отырған Махаббат Бигелдиев «Қаратал» ықшамауданындағы қызметтік пәтерін әлі босатпаған.

Сондай-ақ, Алматы облысындағы»Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Ерғазы Қошанбеков те қызметтік пәтерден кетуге асығар емес. Қошанбековтің Сарқант ауданында әкім болып жүргеніне 2 жылдан асса да, бұрынғы қызметі үшін берілген мемлекеттік пәтерден әлі кеткен жоқ.

ФОТО: YGAZETA.RU

Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясы Бибігүл Әбдірахманова, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Гүлбарам Есжанова да өзіне заңды түрде тиесілі емес пәтерден кетпей жүргендер қатарында.

Осылайша, шенеуніктер заңсыз түрде тегін пәтердің қызығын көріп жатыр. Ал Желтая газета басылымының тілшілері 106 жастағы Қайжамал Бейсекова есімді кейуананың баспанасыз жүргенін айтады.

Одан бөлек, 2000 жылы жол апатына ұшырап, І топ мүгедегі атанған Айжан Қызыкенова да пәтерге жете алмай жүр. Бір ұл мен бір қызын жалғыз өзі асырап отырған ол  2004 жылы кезекке тұрған. Алайда, 12 жылдан бері пәтер кезегі аса көп жылжи қоймапты.

Алты балалы Гүлнар Нұржігітова да пәтер кезегінің жақын арада келмейтінін айтады. Бүгінде баспанасы жоқ ол алты баласымен саяжайларға түнеп жүр.

Пәтерге мұқтаж жандар үшін арман болған баспананы шенеуніктер заңсыз түрде өз пайдаларына жаратуда.

 

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз