Алматы облысында екі жігіт 57 жастағы әйелді ұрлап, туыстарынан $100 мың талап етті

0
277
 Алматы облысында жантүршігерлік қылмыс орын алды. 26-шы шілдеге қараған түні 57 жастағы әйелдің үйіне белгісіз біреулер баса көктеп кіріп, оны жалға алынған пәтерде бір тәулік бойы күштеп ұстаған.
КӨРНЕКІ СУРЕТ: VIKNAODESSA.OD.UA

Ал әйелдің жақындарынан оны аман алып қалу үшін $100 мың талап еткен. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Казцик ауылының тұрғынын тура үйінен ұрлап әкеткен қаскөйлер оны аяусыз ұрып-соғып, тірідей өртейміз деп қорқытқан. Зардап шегуші сол жерде есінен танып қалады. Сол күні-ақ туысқандары полицейлерге хабар беріп, көп ұзамай қылмыскерлердің жасырынған мекенжайы анықталды.

«Полицейлер өте көп болды. Бұл жерде тұтқынды ұстап отыр деп естідім. Қанша уақыт ұстағандарын білмедім. Алайда айқай-шу көп болды», – дейді куәгер Денис.

Әйелді Көк базардың маңындағы жалға алынған пәтерде кепілде ұстаған. Ал сол маңда тұратын тұрғындар естіген-білгендерін тілшілерге айтып беруден түбегейлі бас тартты.

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ЖАСЫРЫНҒАН ҮЙ. СКРИНШОТ 31.KZ

Әйелді пәтерде бір тәулік бойы ұстаған. Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің және криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әйелді құтқарып алды.

57 жастағы зардап шегуші бүгінде Алматының емханасына жатқызылған. Әйел басынан өткерген қорқынышты жайтты телефон арқылы баяндап берді. Оның ойынша, өзіне тап берген қылмыскерлер – сегіз жыл бұрын пәтерін тартып алмақ болғандар. Бұл ақпарат БАҚ беттерінде жариялануда. Ал бүгінде әйел психикалық жағдайына байланысты қоңырауларға жауап бере алмайтынын алға тартты.  Әйелдің бас-миы шайқалып, көптеген дене жарақаттарын алған.

«Дүйсенбі күні қолғап және бетперде киген екі адам менің үйіме баса көктеп кіріп, мені соққыға жықты. Кейін мені өз көлігіме мінгізіп, күштеп алып кетті. Күні бойы ен далада, зираттардың басында жүргізіп қойды. Екі рет үстіме бензин құйып, өртеп жібереміз деп қорқытты. Мен үшін ақша беретін жақындарымның телефон нөмірі мен адресін беруді талап етті», – деп есіне алды зардап шегуші.

Алматы ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Талғар ауданының екі тұрғыны құрықталғанын мәлімдеді. Бұған дейін істі болған азаматтар әйелді ұрлағанда жақындарынан  $100 мың сұратады.

Олар әйелдің құрбысының нөмірін тауып алып, сол арқылы байланысқа шығып отырған. Белгілі болғандай, зардап шегушінің отбасының қаржылық жағдайы орташа және ондай ақша оларда жоқ болған.

«Ұсталғандар – 1964 және 1988 жылы туылған Талғар ауданының тұрғындары. Бұрын олар қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір екеуі де болған жайтты баяндап, кінәсін мойындады. Қазіргі таңда олардың үстінен «Адам ұрлау», «Қарақшылық», «Автокөлікті заңсыз иелену» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыстық тергеу басқармасы мән-жайды анықтауда», – деп БАҚ көздеріне хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Бас сүйегі мен миынан зақым алып, қолы сынып, миы шайқалған әйел Алматы дәрігерлерінің қатаң бақылауында.

Тағы да оқыңыздар: 

Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен

Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты

Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға «періште» кейпінде келіп, көмектесіп жатыр

Тамақ жеген соң табақ пен саусақты жалап қою ұят па?

Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз