Түркияда Назарбаев Ердоғанмен кездесті (фото)

1
207

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

БАРЛЫҚ СУРЕТТЕР BNEWS.KZ ПОРТАЛЫНАН АЛЫНДЫ

Мемлекет басшылары шағын құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты іс-қимылдың қазіргі ахуалын, сондай-ақ бірқатар басымдығы бар бағыттар бойынша Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігін нығайту перспективаларын талқылады.

Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан президенті Режеп Ердоғанға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.

 

 

 

 

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Елдегі лицейлердің тексерілетіні дұрыс болды. Көңілдегі күдікті сейілткен дұрыс. Сенімсіздіктен арылуымыз керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз