Түркия билігі: Назарбаев – басымызға бұлт төнгенде бізді қолдауға келген бірінші президент

5
241

Нұрсұлтан Назарбаев – басымызға бұлт төнген кезде бізді қолдауға келген бірінші президент. Бұл туралы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Түркия премьер-министрінің орынбасары Тугрул Туркеш айтты деп хабарлайдыҚазАқпарат.

 

ФОТО: HAQQIN.AZ

«Назарбаевпен әр кездесу нәтижелі өтеді. 15 шілдеден кейін ол бізді қиын кезде қолдау үшін келген алғашқы мемлекет басшысы. Ол төңкеріске қарамастан өз ұстанымын өзгертпеді. Бұл бізге үлкен қолдау болып отыр», – деді Туркеш.

Вице-премьер Қазақстан мен Түркия арасында үлкен қашықтық болғанына қарамастан, екі елдің арасында тығыз экономикалық байланыс орнағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев түркі халқына қолдау көрсетіп, оларды біріктіреді.

«Алайда соңғы кездері сауда көрсеткіші төмендегенін байқап отырмыз. Бұл экономикалық дағдарысқа байланысты. Қазір дайын өнімді ғана сатамыз. Қазір бірлесіп, бірлескен өнім шығаруымыз керек. Бұл үшін Қазақстанда мол мүмкіндік бар, оған қоса географиялық орны да қолайлы. Өйткені оның жанында Қытай мен Ресей тұр», – деп атап өтті Т. Туркеш.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

5 ПІКІРЛЕР

  1. Біздің елбасының адамгершілігін сөзбен айтқызып жеткізу мүмкін емес, Түрік еліне де қайғылы жағдайдан кейін бірінші болып барып, бір жағынан Ердоғанға көңіл айтты.

  2. Мұсылмандармыз ғой жақсылық жасағанды ұнататын. Баяғыда көмекке келмей жатса шешеміз әй мұсылмансыңдар ма деуші еді. Сонда білмеппіз бұл сөзді не үшін айтатынын қазір соны түсініп жүрміз.

  3. Бір келісімге келсе болды ең бастысы, кездесуде сөз болған негізгі мәселе ктл дер де болған сияқты. Ең бастысы өзара келісімге келіп жатыр.

  4. Достық пейіл, шын достық ұашанда жақсы. Бауырлас елге деген пейіліміз ақ, қолдауға қашанда даярмыз.

  5. Мұны естудің өзі ерекше бақыт. Елбасы мен Түркия президенті бірқатар мәселелерді шешті деп үміттенемін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз