Іздеуде жүрген танымал бизнесмен Таиландтан елімізге экстрадицияланды (фото)

0
257

Танымал отандық бизнесмен Марат Жұпқазиев бесінші тамыз күні Таиландтан елімізге экстрадицияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

МАРАТ ЖҰПҚАЗИЕВ. ФОТО: ВКОНТАКТЕ

Бас прокуратура және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

36 жастағы Марат Жұпқазиев экономикалық қылмыстар жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің іздеуінде болған.

Ол қылмыстық топ құрамында бірнеше жалған кәсіпкерлік құрғаны, бюджетке салық төлеуден жалтаруға жағдай жасауы нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4 млрд теңге сомасында залал келтіргені үшін айыпталуда.

Қазіргі уақытта Жұпқазиев Алматы қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

 

МАРАТ ЖҰПҚАЗИЕВ. ФОТО: ВКОНТАКТЕ

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз