Алматыда жолақы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

0
200

Алматыда жолақы 80 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Алматы әкімдігі жанында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Мақсұт Исахов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz.

 

ФОТО: QAMSHY.KZ

«Қазір «Оңай» картасы арқылы 80 теңге төленеді. Ал бір реттік талонның бағасы, қалалық мәслихаттың шешіміне қарай, алдағы уақытта 100, 120, тіпті 150 теңге де болып кетуі мүмкін. Осылайша, біз тұрғындарды соңғы төлем жүйесін қолдануға ынталандырмақпыз», — деген Мақсұт Исахов бір реттік жолақыны қымбаттату мәселесі қалалық мәслихатта талқыланғанын айтты.

Жол ақысына қатысты өзгерістер тиісті заңнамаға ағымдағы жылдың соңына дейін енгізіледі. Қазір бұл заң жобасы парламенттің қарауында жатыр.

Сондай-ақ, басқарма басшысы «Оңай» картасы арқылы төленетін жол ақыға қатысы жоқ екенін ескертті.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз