Мырзағали Айтжанов: Әлі тоғыз боксшымыз бар, қызықтың көкесі енді басталады

0
575

Берік Әбдірахмановтың қарсыласы шын мәнінде мықты екенін мойындатты. Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

Мырзағали Айтжанов: Әлі тоғыз боксшымыз бар, қызықтың көкесі енді басталадыМЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ. ФОТО: NUR.KZ

«Бүгін өздеріңіз көргендей, Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысынан ұтылып қалды. Біздің жігіт осыған дейін бұл боксшымен кездесіп көрмеген. Бірінші рет көріп отырмыз. Жап-жас бала. Жас болса да талантты екені көрініп тұр», – деп атап өтті бас бапкер.

Сондай-ақ, Айтжанов оның өте жылдам қимылдайтын боксшы екенін де ашып айтты.

«АҚШ боксшысы алғашқы раундтардан-ақ өте ширақ қимылдады. Екінші раундта тізгінді өз қолына алды. Берік үшінші раундта бар күшін салғанымен бәрі кеш болды. Негізі алғашқы жекпе-жегіміз жеңіспен басталғанда дұрыс болар еді. Бірақ, алда тоғыз жігітіміз бар. Қызықтың көкесі енді басталады. Сондықтан өзіміздің елге берген уәдемізді орындауға, алдымызға қойған мақсатқа жетуге әлі мүмкіндік бар», – деп атап өтті Айтжанов.

Естеріңізге сала кетейік, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бүгін 60 келіде өнер көрсеткен боксшымыз Берік Әбдірахманов бірінші жекпе-жегінде ұтылып қалған болатын.

Ол алғашқы айқасында АҚШ спортшысы Карлос Баль Дераспен жұдырықтасты.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз