Күзде болатын жеке концертіне дайындалып жатқан әнші Шаһизадаға қастандық жасалыпты деп хабарлайды 31 арна.

Хош делік, өнер жұлдызы бұл оқиғасын кейінірек айтамын деп уәде берді.
Әнші “Қазақстан” атты жаңа әніне бейнебаян түсіріп жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы Алатау баурайында орналасқан Медеу мұз айдынын таңдаған екен.
Шаһизада әнді жалғыз өзі орындамайды. Жас әнші Ілияс Байбосыновпен бірігіп жазған. Шығындарын да бірігіп өтейді.
Шаһизада танымал болған сайын өзімен бірге дуэт орындауға ынталы жастардың көбейгенін жеткізді. Әнші табиғат аясында, ашық аспан астында түсірген әнбаянын жаздың соңында сүйікті көрерменіне тарту етпек.