Қарағанды облысында тепловоз автобуспен соқтығысты: 17 адам зардап шекті (фото)

0
785

Қарағанды облысында тепловоздың автобуспен соқтығысуынан 17 адам зардап шекті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Қарағанды облысында тепловоз автобуспен соқтығысты: 17 адам зардап шекті (фото)

Оқиға Сәтбаев қаласында реттелмейтін теміржол өткелінде болды. Онда қызметтік автобус бен тепловоз соқтығысты.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровтың хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы сәрсенбі күні, 10 тамызда 16 сағат 00 минутта болды деп хабарлады Vesti.ru.

 

Қарағанды облысында тепловоз автобуспен соқтығысты: 17 адам зардап шекті (фото)

Оның айтуынша, 17 адам апаттан кейін ауруханаға жеткізілген, соның ішінде машинист пен оның көмекшісі де бар.

«Қаза болғандар жоқ», – деді Құдияров.

 

Қарағанды облысында тепловоз автобуспен соқтығысты: 17 адам зардап шекті (фото)

Республика Қылмыстық кодексінің «Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын пайдалану» бабы бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.

Тергеу барысында тиісті сараптамалар жүргізіледі.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз