Германия Қазақстанды Олимпиада ойындарынан шеттетуді ұсынды

0
584

Ауыр атлетикадан Германия құрамасының бас бапкері Оливер Карузо Қазақстанды Олимпиада ойындарынан шеттетуді ұсынды.

 

Германия Қазақстанды Олимпиада ойындарынан шеттетуді ұсындыИЛЛЮСТРАТИВТІ СУРЕТ

ФОТО: VESTI.KZ

Бұл туралы Спорт-экспресс басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

«Болгария мен Ресейді ғана емес, Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Молдова, Белоруссия, Армения мен Румынияны да ойындарға қатыстырмау керек. Олар бүгінде медальға таласып жүр. Аталған елдердің жүйесі дұрыс емес, жемқорлық жайлаған. Мұның бәрін жауып отырған адамдар бар. Мұның қалай жұмыс істейтінін білем, оны маған шетелдік әріптестерім айтты. Допингке тексеретін кезде оларға алдын ала ескертеді», – дейді германиялық бапкер.

Оливер Карузо Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Қазақстанды ойындардан аластатуы керектігін айтқан.

«Қазақстан 2012 жылдан кейін 27 рет допингпен ұсталды. Белоруссияда 14 оқиға бар. Олар бәрін алдап отыр», – деді бапкер.

Еске сала кетейік,  Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза ойындардан аластатылды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз