Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды (фото)

0
823

 

  • © lada.kz© lada.kz

Оқиға Жаңаөзен қаласынан 10 шақырым қашықтықта орын алған. Жаңаөзен-Құланды тас жолында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 4 адам көз жұмды.

Бұл туралы Lada.kz порталына сілтеме жасап Skifnews.kz басылымы хабарлайды.
Алдын ала айтылған мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігі ВАЗ-2115 жеңіл көлігіне соқтығысқан.

«Жол апаты орын алған жерге бір арнайы техника жіберілді. Оқиға орнынан ВАЗ-2015 көлігінде болған 4 адамның мәйіттері табылды. Оларды мыжылған көліктің ішінен алып шығу үшін арнайы техниканың көмегі қажет болған», – дейді Маңғыстау облыстық ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметінің мамандары.

Фото: lada.kz
nur.kz

http://alashainasy.kz/okiga/mangyistauda-janturshgerlk-jol-apatyinan-4-adam-koz-jumdyi-foto-86158/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз