Жәнібек Әлімханұлы ширек финалда Ақтөбеде туған боксшымен кездеседі

0
432

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының Рио Олимпиадасының ширек финалындағы қарсыласы анықталды деп хабарлайды baq.kz.

 

Жәнібек Әлімханұлы ширек финалда Ақтөбеде туған боксшымен кездеседіФОТО KFB.KZ

Жерлесіміз ¼ финалда 25 жастағы әзірбайжандық Камран Шахсуварлымен кездеседі. Бұл боксшы Ақтөбеде дүниеге келген. Ол 1/8 финалда 2010 жылғы Еуропа чемпионы, қазақтың жиені Артем Чеботаревті жеңді. Бұл жекпе:-жек 2:1 (29:28, 29:28, 28:29) есебімен аяқталды.

Енді Әлімханұлы мен Шахсуварлы арасындағы кездесу 15 тамыз күні сағат 22:00-де өтеді.

Айта кетейік, биылғы жылы бокстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамада барған еді. Бірақ қазіргі кезде үш боксшымыз жарыстан шығып қалды.

 

Дереккөз: BAQ.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз